Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада балалар бақшасы пайдалануға берілді

ЗЫЛОРДА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы Тас­бөгет кентінде «Күнікей» бала­бақшасы пайдалануға берілді.

Қызылордада балалар бақшасы пайдалануға берілді

Үш қабаттан тұратын балалар мекені 320 орындық типтік жобада са­лын­ған. Балалар бақшасы құрылысын «АрайСтройМаркет Тараз - 2003» компаниясы жүргізді. Оның құры­лысына 40 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Балалар бақшасында 16 топ жұмыс жасайды. Күнделікті ұйымдастырылған тәрбие мен оқу жүйесі мемлекеттік стандартқа сәй­кес жүргізіледі. Осы орайда «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдар­ламалары негізінде жұмыс жасайды. Жаңа балабақша өзін-өзі тану, ин­клюзивтік, ән-әуез, электронды оқыту, М.Монтессори ма­териалдарымен жұмыс, ас дайын­дай­тын арнайы бөлмелермен қатар, балғын­дарға ұлттық тәрбие беретін этнотех­нология және бүлдіршіндердің жол қауіп­сіздігі ережесін үйренуіне ықпал ететін жол белгілері бұрыштары жасақталған. Сонымен қатар заманауи үлгіде жабдық­талған мекемеде би үйірмесі, гимнасти­калық зал да тәрбие­ленушілер игілігіне қызмет етеді.