Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада Білім күні салтанатты түрде аталып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Білім күніне арналған салтанатты линейкалар облыстағы барлық мектептерде болып өтті. Биылғы жаңа оқу жылының қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келуінің өзі көңілге қуаныш ұялатады.

Қызылордада Білім күні салтанатты түрде аталып өтті

Осындай айрықша мәні бар айтулы жиын №101 қазақ орта мектебінде де ұйымдастырылды. Бұл білім ордасы - облыстағы алдыңғы қатардағы мектептердің бірі. Мұнда 2005 жылы наурыздың 28-інде Сыр бойына келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы ат басын бұрып еді. Президенттің келуі мектеп тарихындағы есте қаларлық оқиғаларды біріне айналды.

Оқушыларды алғашқы оқу күнімен мектеп директоры Ләйла Қожаниязова құттықтады. Мұнан кейін облыстық ІІД жол полициясының аға инспекторы Ерболат Демесінов сөз алып, жол оқиғаларына байланысты 1 сыныпқа баратын оқушылардың ата аналарына балаларының жол ережелерінің сақтауын тапсырды.

Биыл №101 орта мектепте 2191 бала жаңа оқу жылын бастайды. Сондай-ақ 238 жас өрен алғаш мектеп табалдырығына қадам басып отыр.