Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қысқа дайындық барысымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қысқа дайындық барысымен танысу мақсатында «Қызылордажылуорталығы» мемлекеттік кәсіпорнында болды.

Қызылордада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қысқа дайындық барысымен танысты

Бұл турды облыстық табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттіктің облыстық департаменті ұйымдастырды.

Облыстық агенттік бекіткен инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2010 және 2011 жылдары бұл кәсіпорында орасан зор жұмыстар атқарылды. Жабдықтар жаңартылып, жылу желілері 40,5 млн. теңгеге жөндеуден өтті. Цехтағы қазандық 32,4 миллион теңгеге жөнделді. «Бұдан басқа, су жылытқыштағы латун тұрбалар ішінара жаңартылды, - деді журналистерге кәсіпорын директоры Өтеулі Ахметов. - Сондай-ақ технологиялық тұрбалар ішінара ауыстырылып, төрт қазандықтың табандары қалпына келтірілді».

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында 7,6 шақырымдық орамаралық және орамішілік жылу желілері жөнделді.  Ең бастысы, жылу қуатын үзіліссіз беріп тұруды қамтамасыз етудің, шығынды азайтып, материалдық құндылықтарды үнемдеудің  барлық шаралары жасалып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осыған көз жеткізіп қайтты.