Қызылордада дария бойын бекіту мен арналарды тазалауға мән беріліп отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысында биылғы жылы дария бойын бекіту мен арналарды тазалауға ерекше мән берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта былтыр республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы қаралған. Осының нәтижесінде Сырдария өзенінің қауіпті деген аймақтары нығайтылып, көптеген арналар тазаланды.

Су шаруашылығы саласының мамандары алдағы көктемде дария­дағы су мөлшері аз болады деген болжам жасап отыр. Алайда, жауын-шашынның мол түсуі қазіргі кезде жоғарыда орналасқан су қойма­ларындағы су деңгейін әлдеқайда кө­теріп отыр. Бүгінгі таңда Шардарадағы су көлемі 2 млрд. текше метрге жуықтайды. Одан төмен қарай секундына 850 текше метр су босатылуда. Тоқтағұлдағы су қоры 12 млрд. текше метрді құрайды. Бұл өткен жылғыдан 4 млрд. текше метрге артық. Алайда, Қызылорда облысының су шаруашылығы саласының мамандарынан дариядағы су деңгейіне байланысты туындайтын кез-келген төтенше жағдайға әзір болуды талап етеді.

Соңғы жаңалықтар