Қызылордада дүкен тонап, адам өлтірген қашқын 15 жылын темір тордың ар жағында өткізеді

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордада дүкен тонап, адам өлтірген қылмыскер сот жүзінде жазасын алды.
None
None

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айында бетперде киген екі адам қаладағы алтын бұйымдар сататын сауда дүкенінде күзетшіні соққыға жығып, құны 25 850 000 теңге болатын алтын және асыл тастардан жасалған бұйымдарды алып кеткен. Қылмыстық топтың бір мүшесін құқық қорғаушылар тұтқындаған еді. Ал екінші күдікті тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген кезінде қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырады. Ол кейін Жалағаш кентінде адам өлтіргені үшін қолға түсті.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен бірінші қолға түскен қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қашқынды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру, қарақшылық, бұзақылық қылмыстар жасағаны үшін қатаң режімдегі түзеу колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар