Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш кентінде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі Болат Алтынбаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен 1996-1997 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

          Қызылордада дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир болды

Жарысқа Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған және Қызылорда облысынан 171 спортшы қатысты. Жарыс бес салмақ бойынша 34, 38, 42, 46, 50 келіде өткізілді. Нәтижесінде 34 келі салмақта Бейбарыс Әбілдә (Жалағаш), 38 келіде Мағжан Шамшадин (Қызылорда), 42 келіде Шарапат Бертай (Қызылорда), 46 келіде

Жақсыбек Жеңісбек (Жалағаш), 50 келіде Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда) бірінші орынды жеңіп алды.