Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдаған акция өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласының орталық алаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдауға арналған акция болып өтті.

Қызылордада Елбасының өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдаған акция өткізілді

Оны «Қызылорда облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығы, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының «Атамекен» Қызылорда филиалы және «Игілік» коорпоративтік қоры ұйымдастырды.

«Елбасы кемеңгер - көші түзу кемел ел!» атты бұл акцияға 10 мыңға жуық адам қатысты. Шараны облыстық «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрайымы Дариха Ақмағамбетқызы ашты. Жиында айтыс ақыны Мұхтар Ниязов, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков, «Қазақстанның орыс ұлты қауымдастығының» облыстық филиалының жетекшісі Владимир Толоконников, самбо күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2007, 2009 жылдардағы самбо күресінен Азия чемпионы Диана Сәдуақасова, «Қызылорда жастары» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Мастеков, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының «Атамекен» Қызылорда филиалының жетекшісі Алмасбек Тұртаев және басқалар сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды Елбасы өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді қолдауға шақырды.

Акцияға қатысушылар облыс халқына арналған үндеу қабылдады.