Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада Индустрияландыру картасы шеңберінде 120 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асады

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 маусым. ҚазАқпарат -  Кеше  Қызылордада Индустрияландыру күні шеңберінде «Қызылорда қаласының индустриялық-инновациялық дамуы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.

Қызылордада Индустрияландыру картасы шеңберінде 120 млрд. теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асады

Келелі кеңеске аймақ бизнес құрылымдарының, мемлекеттік мекемелердің, банк саласының өкілдері қатысты. Онда үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру, кәсіпкерлікке, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде ой тарқатылды. Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Ғалым Әлімбаев айтып берді. Ол өз сөзінде Индустрияландырудың аймақтық картасы шеңберіне жалпы құны 120 млрд. теңгеден асатын 27 инвестициялық жобаның  еніп отырғанын жеткізді. Осылардың арқасында жаңадан екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, жергілікті деңгейде жалпы құны 10 млрд. теңге тұратын 34 жобаны жүзеге асыру қолға алынады. Ал биылғы жылы құны 700 млн. теңгеден асатын бірнеше жоба қатарға қосылғалы тұр. Өз кезегінде бұл екі жүз адамды жұмысқа орналастырады.

Жиында «Қызылорда» ӘӘҚ» ҰК АҚ инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры Ләззат Алдоңғарова, «Даму» кәсіпкерліктің дамуын қолдау қоры Қызылорда филиалының директоры Жансұлтан Матаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз салаларында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.