Қызылордада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы прокуратураның рөлі талқыланатын дөнгелек үстел өтеді

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Қызылорда қаласында «Бизнес және Билік: кәсіпкерлердің заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы прокуратураның маңызы мен рөлі» тақырыбымен дөнгелек үстел отырысы өтеді.

Қызылордада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы прокуратураның рөлі талқыланатын дөнгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстелді «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлерінің қауымдастығы Қызылорда облысы прокуратурасының қолғабыс етуімен ұйымдастырып отыр. Оған облыстық прокуратураның, бизнес бірлестіктердің басшылары мен 40-тан астам кәсіпкердің қатысуы күтілуде.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - кәсіпкерлерге прокуратура өкілдерімен кездесуге мүмкіндік туғызу, атқарылып жатқан шаралармен және заңды құқықтарды қорғау мүмкіндіктерімен таныстыру сондай-ақ, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді тікелей диалогта талқылау.

«ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлерінің қауымдастығы аталмыш тақырыпқа қатысты дөңгелек үстел отырыстарын бұған дейін Алматы, Шымкент, Павлодар және Қарағанды қалаларында өткізді.