Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда қалалық саябағында облыс бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу болды.

Қызылордада кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Кездесуде кәсіпкерлер өздерінің Индустрияландыру картасы бойынша атқарып келе жатқан және алда межелеп отырған жұмыстары жайлы айтып беріп, осы орайда туындап тұрған өзекті мәселелерді ортаға салды. Аймақта осы Картаның арқасында тау-кен, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі, жол салу, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен салалары дами бастағаны айтылды.

Кездесуде аймақтың индустиялық секторын өркендетуге үлес қосып келе жатқан кәсіпорындар мен компаниялар басшыларына алғысхаттар тапсырылды.