Қызылордада кәсіпорынға жылына 1 пайыздық ставкамен несие берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 маусым. ҚазАқпарат -«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында кезекті кәсіпорынмен келісім-шартқа қол қою рәсімі болды.
None
None

Субсидия алу құрметіне ие болған «Дархан» ЖШС 2006 жылы құрылған. Ол Жаңақорған ауданында темір-бетон өнімдерін шығарумен айналысады. Кәсіпорын «Даму-өндіріс» бағдарламасы бойынша жылына 8 пайыздық ставкамен «Темір-банк» АҚ арқылы қаржыландырылып келеді. Енді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен жасалған келісім-шарттың негізінде несиенің 7 пайызы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидияланатын болады. Нәтижесінде серіктестік үшін несие көлемі бар-жоғы 1 пайыздық мөлшерді құрайды.

Ал алынған несиеге кәсіпорын темір-бетон шығаратын цехтың әлеуетін арттырып, жаңадан ағаш цехын ашуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар