10:59, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қызылордада қаскүнемдер автомашинамен өтіп бара жатып, колонияға есірткі лақтыруға әрекеттенді
АСТАНА.16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қызылорданың төрт тұрғыны «Nissan Primera» маркалы автомашинамен өтіп бара жатып, ЗК-169/5 колониясына есірткі лақтыруға әрекеттенді, деп хабарлады Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Алайда қаскүнемдерді колония жанында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Полицейлер машина салонынан бірнеше полиэтилен орамдарын, жасыл түсті зат құйылған пластмасса бөтелкелерін тапты. Сараптама бұл ыдыстарда жалпы салмағы 1,3 келі марихуана болғанын анықтады.
Күдіктілердің екеуі ІІБ-де есепте тұрған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болып шықты.
Есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатаң режимдегі колонияларға 10-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.