Қызылордада Қазақстан құрамасы мен «Қайсар» командасы ардагерлерінің жолдастық кездесуі өтті

ҚЫЗЫЛОРДА.10 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордадағы Ғ.Мұратбаев атындағы Орталық стадионда Қазақстан футболының 100 жылдығы мен қаланың 195 жылдығы тойын арналған Қазақстан құрамасы мен «Қайсар» командасы ардагерлерінің жолдастық кездесуі болып өтті.
None
None
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жергілікті футбол жанкүйерлері осы матчт барысында алаңнан өздеріне ертеден таныс Құралбек Ордабаев, Сейілдә Байшақов, Виктор Катков, Берік Арғымбаев, Сергей Волгин, Руслан Балтиев, Владимир Нидергаус, Юсуп Шадиев, Нұркен Мазбаев, Дмитрий Огай сынды танымал шеберлердің ойынын көрді. Сайысқа қатысушыларды облыс футбол федерациясының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман құттықтады. Ал жанкүйерлер бұл күні стадионға бекер келмепті. Олар 90 минут бойы тартысқа толы қызықты матчтың куәсі болды. Соңынан Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мерекелік концерт берді.
Соңғы жаңалықтар