Қызылордада ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай салтанатты шара өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қызылордада ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай  салтанатты шара өтті

Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы - Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  

null

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: "Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер".          Көк Ту астында берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз, Гимніміз бен жетістігіміз дүниежүзіне танылуда.      Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы өзімен тілектес, экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген шет елдерде желбіреп тұр.   Ұлттық Туымыз Олимпиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарында  биіктерге көтерілуде. Бұл - әрбір қазақстандық үшін үлкен мақтаныш, зор абырой, ұлы бақыт деп білемін.  Ширек ғасыр еншісінде Елбасы бастауымен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар жасалды. Соның нәтижесінде, бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің, ұлттық мемлекет құру мұратының жүзеге асқан заманында бейбіт ғұмыр кешуде,-деді облыс әкімі.