Қызылордада «Қыран» атты жаңа жасақ құрылды

ЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратының мәжіліс залында университет студенттерінен жасақталған «Қыран» еріктілер жасағы мүшелеріне куәлік тапсыру рәсімі болды.
None
None

Бүгінгі жас ұрпақтың санасына тарихта өшпес із қалдырған, биылғы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған тәуелсіздігімізді құрметтеуді үйрету, сонымен бірге елдің бүгінгі жетілуі мен ертеңгі өркендеуіне лайықты үлес қосатын отансүйгіш патриоттарды тәрбиелеу міндеті қазіргі таңдағы басым міндеттердің бірі. Осы орайда еліміздің Тәуелсіздік кепілі тек қауіпсіздік екендігі баршамызға аян. Университетте құрылған «Қыран» ерікті жасағы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен болашақ мамандардың патриоттық белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Ол Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыс жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жедел әрекет етеді. Қырандықтарға куәлікті Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов тапсырды. Сонымен қатар іс-шараға Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуанышбек Шүкіров қатысып, қырандықтарға сәттілік тіледі.

Жалпы жасақ мүшелерінің саны 108 студенттен тұрады.

Соңғы жаңалықтар