Қызылордада «Қыс-2011» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді

«Қыс-2011» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығу жиыны «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» деген тақырып аясында ұйымдастырылды. Жиын кезінде азаматтық қорғаныс, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою және өзара іс-қимыл жоспарлары жүзеге асырылды. Онда сондай-ақ қыс кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі апаттық-құтқару қызметтерінің дайындығы тексерілді.
Соңынан облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының ғимаратында облыстық ТЖ комиссиясының жиналуы және оның мәжілісі өткізіліп, қалалық, аудандық ТЖ комиссиялары төрағалары мен қызметтер басшылықтарының оқу жаттығуға дайындықтары жөніндегі есебі тыңдалды.
Жалпы оқу-жаттығу шарасына «ҚЖЭО» МКК, «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «ОААЖҚЖ» ММ, «Қызылорда су жүйесі» МКК, ІІД қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚФ базасындағы газ желісі тобы, облыстық денсаулық сақтау базасындағы жедел-жәрдем тобы, «Механизатор» ЖШС және «Мелиоратор» ЖШС базасындағы инженерлік командалары, «Ақберен» ҚФ, Суда құтқару қызметі, Апат медициналық орталығы, «КРЭК» АҚ базасындағы электр желілері бөлімшесі, көлік қызметі және басқа да топтар атсалысты.