Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 20-21 желтоқсан күндері «Мұз айдыны» СК мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 100-ге жуық спортшы қатысады.Оның ішінде елімізге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді.

Жарыстың басталуы 20 желтоксан күні сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы 12.00-де өтеді.