10:31, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Қызылордада «Мәңгілік жеңімпаз ұрпақ» атты кеш өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада Ұлы Жеңістің 67 жылдығына және Отан қорғаушы күніне орай «Мәңгілік жеңімпаз ұрпақ» атты мерекелік кеш болды.

Оны облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан студенттері альянсы қалалық филиалымен бірігіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін жастар арасында насихаттау, олардың бойында патриоттық, елжандылық, азаматтық, ұлтжандылық сезімдерді дамыта түсу, Отан қорғаушылық борыштары құндылығын ұғындыру. Кешке Қызылорда қаласының белсенді жастар ұйымдарының мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерінің өкілдері қатысты.