Қызылордада мектеп оқушылары екі бүлдіршінді от құшағынан аман алып шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда қаласындағы «Мерей» шағынауданындағы 8 үйдің бір пәтерінде өрт оқиғасы орын алды.
От құшағына оранған пәтер ішінде 3 және 4 жастағы екі бүлдіршін болған.
Өрт болып жатқанын байқаған мектеп оқушылары - Айбек Кмалатдин, Лиана Саидова және Ардақ Ислам бірден пәтерге жүгіріп кіріп, екі бүлдіршінді - Анюта және Нина Қыпшақбаеваларды от құрсауынан аман алып шыққан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.