Қызылордада мұнай өңдейтін жасырын цех әшкереленді
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордада шикі мұнайды өңдеп, жанар-жағармай шығарумен айналысатын шағын мұнай зауыты табылды.
Бұл қылмысты қаржы полициясының қызметкерлері ашты.
«Қызылорда-Алатау» серіктестігі директорының Қазалы стансасынан 2011 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін «Армавир ImpEx Oil» және «Сарыарқа 2007 KZ» серіктестіктеріне заңсыз жолмен алынған, құны 46,5 млн. теңге тұратын 789 тонна мұнай қоспаларының қалдықтарын жібергені анықталды. Осының негізінде аймақта шикі мұнайды өңдеумен айналысып келе жатқан жасырын шағын зауыттың жолы кесілді. Бұл өндіріс аумағынан тағы 15 тонна шикі мұнай тәркіленді.
Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.