Қызылордада Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Сыр елінің бас қаласы - Қызылордада кешелі бері Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр.

          Қызылордада Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр

Кеше кешке қарай қаланың орталық алаңында «Наурыз - рух тірегі» атты мерекелік шара болып өтті. Онда ғасырлар қойнауынан сыр тартып, бүгінгі күнге өзінің дәстүрі мен салтын алып жеткен осынау мейрамның мәні мен маңызын ашатын театрландырылған көріністер көрсетілді.

Шара барысында облыс көркемөнерпаздары күшімен концерт қойылды. Соңы отшашуға ұласып, жалпы халықтық мерекеге жалғасты.