Қызылордада Наурыз тойын тойлау басталып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада кешеден бері Наурыз тойын тойлау басталып кетті. Осы күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында балаларға арналған «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» атты кеш болып өтті.

          Қызылордада Наурыз тойын тойлау басталып кетті

Сонымен қатар облыс орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханада «Наурыз - жыл басы», «Наурыз - жаңару мейрамы» атты кітап көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.