Қызылордада негізгі азық-түлік бағаларын қалыпты ұстаудың орайы келіп тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп келеді.
Қызылорда қаласы бойынша «Мирас» сауда үйінің ауласында көкөніс өнімдерін көтерме сататын орында картоптың килосы - 95 теңге, пияз бен сәбіз - 80 теңге, қырыққабат 115 теңгеден болса, жұмыртқаның 10 данасын 170 теңгеден алуға болады. Ал «Ажар» сауда үйінде қанттың килограмы 198 теңге болса, тұз - 23 теңгеден және бір литр сүт 125 теңге. Бұлар ең төменгі бағалар болып табылады.
Арал ауданы бойынша тауық етін, жұмыртқаны, картопты және сәбізді арзан бағада «Алтай» базарынан табуға болады.
Қармақшы ауданындағы «Әл-Асад» сауда дүкенінде бірінші сортты бидай ұнының килогармы 51 теңге, «Жандос» көтерме дүкенінде пияз бен сәбіз - 90 теңгеден, қант - 175 теңге, картоп - 90 теңге, қырыққабат - 100 теңге, басқа да азық-түлік өнімдерін осы дүкеннен арзан бағада ала аласыз және «Таңсықбай» базары мен «Сырдария» гастрономында нанның бағасы 35 теңгеден сатылып жатыр.
Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен бірінші сортты бидай ұнының килограмы- 50, өсімдік майы 200, ал тауық етін - 370 теңгеге, жуаның килограмы - 90 теңгеге, сәбізді - 90 теңгеге, картопты -95 теңгеге, қырыққабатты 110 теңгеге алуға болады.
Сырдария ауданындағы «Серікбол», «Мәлік» дүкендерінде жуа, картоп, сәбіз, қырыққабат өнімдері арзан бағамен сатылуда.
Шиелі ауданындағы «Ә.Шорабаев» базарында, «Әл-Асад» дүкенінде, Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан» және «Нұрасыл» дүкендерінде,
Қазалы ауданындағы «Әл-Асад» сауда дүкенінде, «Ырыс-Болашақ» сауда базарында, «Айнұр» көтерме сауда дүкенінде азық-түлік айтарлықтай арзан.