Қызылордада облыс әкімінің қатысуымен санаторлық типтегі балалар бақшасы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың қатысуымен қайта жаңғыртудан өткен №3 «Қарлығаш» санаторлық типтегі балалар бақшасының ашылуы болды.
None
None

Балабақша меңгерушісі Перуза Нәлібаеваның айтуынша, 90 орындық балабақшада штат бойынша 54 қызметкер бар. Балабақшаның жаңарту жұмыстарын Бағдаулет Ысқақовтың басқаруындағы «Интегрострой» ЖШС атқарды.

Облыс басшысы мектепке дейінгі білім мекемесіндегі бүлдіршіндерге әкелген сый-сияпаттарын табыстады.

Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген Гүлбибі Шерімбетова ел ағаларына алғысын жеткізіп, ескі балабақшаның заман талабына сай жаңартылып отырғанына ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар