Қызылордада оқушылар арасындағы жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі жас суретшілер байқауы болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылордада оқушылар арасындағы жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі жас суретшілер байқауы болып өтті.

Қызылордада оқушылар арасындағы жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі жас суретшілер байқауы болып өтті

Бұл сайысты әр жылда өткізуді «Ибрайхан және К-ЛТД» ЖШС үрдіске айналдырып, осы арқылы облыс аумағындағы дарынды оқушылардың талантын одан әрі дамыта түсуге мұрындық болуда. Биылғы байқауда жас қылқалам шеберлері «Қоршаған ортаға оқушылардың көзқарасы» тақырыбында өзара бақтарын сынады. 

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған жарыста қылқалам құдіретін бойына сіңірген жас суретшілердің 80-нен астам туындылары сарапқа салынды. Жарыс қорытындысымен Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі №257 мектеп оқушысы Айнұр Әжіғалидің туындысы үздік деп танылып, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталса, онға тарта жас суретшілер алғысхаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.