Қызылордада өрт сөндіруге қатысы бар мамандар оқу-жаттығу жиынын өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 1-і.ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада далада және елді мекендерде болатын өрттің алдын алуға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Оған облыстық табиғи ресурстарды қорғау басқармасы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, «ӨСжАҚЖҚ» ММ, орман шаруашылығын қорғау басқармасы, медициналық апат орталығының мамандары қатысты.

Қызылордада өрт сөндіруге қатысы бар мамандар оқу-жаттығу жиынын өткізді

Шараға қатысушылар оқу-жаттығу барысында белгілі бір уақытқа белгіленген өрт сөндіру жаттығуларын орындады. Жаттығудың мақсаты өрт шыққан жағдайда өртті оперативті түрде сөндіру, жедел медициналық көмек көрсету және орман шаруашылығы мекемесінің өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттердің тексерілуін қадағалау болды. Жатығу кезінде сондай-ақ қызметкерлердің төтенше жағдайға дайындығы мен өрт өшіру тәжірибесін анықтауға мүмкіндік туды. Оқу-жаттығу жиынын қорытындылаған облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Бағдат Данилов шараға қатысушылардың жұмысына оң бағасын берді.