Қызылордада өткен «Студенттік көктем» фестиваліне 2000-нан астам сайыскер қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сүйікті қалам - Қызылорда!» тақырыбында «Студенттік көктем-2015» дәстүрлі өнер фестивалінің марапаттау гала концерті өтті, деп хабарлады жергілікті seihun.info сайты.
None
None

Талантты жастарды анықтау, өскелең ұрпақтың бойынан патриоттық сезімді ояту, шығармашылық өсулеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілген фестиваль 3 күнге созылған болатын. Биылғы шарада 2000- нан астам сайыскер бақ сынады. Апта бойына таланттарымен танылған өнерлі жастар фестивалінің халықтық және әскери патриоттық билері, Ретро әндер, қолөнер және сурет шеберлері, Жұлдызды сәт, Жұлдызды дода, Сән мен Сахна байқауы және қала әкімінің кубогы үшін өткен Жайдарман сайыстарының қорытынды нәтижесі бойынша жеңімпаздарды фестивальдің гала-концертінде қала әкімінің орынбасары Ж. Базартай марапаттады. Барлық байқаулардың І орын иегерлері фестиваль барысында өздерінің үздік шығармаларын барша қатысушы қонақтары мен көрермендері үшін тағы бір мәрте паш етті.

Соңғы жаңалықтар