Қызылордада Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауы жарияланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қалалық білім бөлімі және «Ынсап» қоғамдық қоры «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауын жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Адамзат дүниетанымына өзіндік ізін қалдырған, қазақ халқының ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан руханиятының көшбасшысы, дана, кемеңгер Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын насихаттау бағытында өтетін байқаудың мақсаты - өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру болып табылады.