Қызылордада шенеуніктер арасында шағын футболдан турнир өтті

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекеттік қызметшілер командалары арасында шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сілтеме жасап облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қызылордада шенеуніктер арасында шағын футболдан турнир өтті

Жыл сайын өтетін жарысқа 10 мемлекеттік органның ішінен 8 команда қатысты. Ерлер жарысының қорытындысы бойынша үшінші орынды облыстық ТЖД алса, облыстық сот кеңсесінің командасы екінші орынды қанағат тұтты. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің командасы турнир жеңімпазы атанды.

Жүлделі орындар алған барлық командалар кубоктармен, арнайы дипломдармен және турнир демеушілерінің сыйлықтарымен марапатталды.