Қызылордада спорт залының төбесі құлап түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Талдыарал елді мекеніндегі № 215 орта мектебі спорт залының төбе жабуының бір бөлігі құлап түсті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оқиға 26 мамыр күні сағат 05.00-де орын алған. Бұл мектептің құрылысы 1967 жылы пайдалануға берілген. Ондағы спорт залының жалпы көлемі 200 шаршы метрді құрайды. Ондағы опырылған аумақ 25 шаршы метрге тең. Залдың қабырғасы шлактан жасалған, төбе жабуы ағаштан және шиферден тұрады.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Оқиға орнына Қызылорда қаласы ТЖБ-нен 3 қызметкер, 1 техникасы барды.

Соңғы жаңалықтар