19:04, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Қызылордада студенттік еңбек, педагогикалық және құрылыс жасақтарының жұмыстарын ұйымдастыруға арналған семинар-кеңес өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасына орай 2005 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан "Жасыл ел" жастар жасағының жұмысы Сыр өңірінде биыл да қарқын алады.

Бұл жайында облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада өткен студенттік еңбек, педагогикалық және құрылыс жасақтарының ашылу маусымы және оның жұмыстарын ұйымдастыруға арналған семинар-кеңесте облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрланбек Ердіхалықов мәлім етті.
Осыдан жеті жыл бұрын құрылған жастар жасақтары жыл сайын өңірді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысып келеді. Ал биылғы жылға бұл жұмыстарға 7,5 млн. теңге бөлініп отыр. Жастар жасағына қажетті қаржы көлемін әлі де көбейту жағы қарастырылуда.
"Жасыл ел" жастар жасақтарының жұмысы енді бір айдан кейін басталып, үш ай бойына жалғасады деп жоспарлануда.