Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерекше флешмоб өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ерекше флешмоб өтті, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Қаладағы жоғарғы оқу орындарынан жиналған мыңға жуық студент плакаттарға «Коррупция stop» сөзін жазып, қоғамымызда белең алған сыбайлас жемқорлық індетіне наразылықтарын білдірді. Алаңға жиналған жастар алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Сансызбайұлы сөз сөйлеп, оларды коррупциямен бірлесе күресуге шақырды.

Айта кетейік, шара соңында студенттер патриоттық әндер шырқап, шерулерін аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар