Қызылордада Төтенше жағдайлар департаменті интерактивті сабақ өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Қызылорда облыстық департаменті білім басқармасымен бірлесіп интерактивті сабақ өткізді,

          Қызылордада Төтенше жағдайлар департаменті интерактивті сабақ өткізді

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.

Сабақтың тақырыбы «Балалардың отпен ойнауы» деп аталды. Ондағы басты мақсат мұғалімдер мен мектеп оқушыларын өрт қаупсіздігі ережесі талаптарымен таныстыру болды. 45 минуттық лекция түрінде өткен арнайы сабақ білім берудегі ақпараттық-қатынастық технологиялар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Сабаққа бүгінге дейін орын алып отырған өрт оқиғалары тілге тиек етіліп, осындай алапаттардың алдын алу үшін балалардың отпен ойнауына жол бермеу, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау баса айтылды. Сонымен бірге оқушылар «Өрт қауіпсіздігі ережесімен» таныстырылды. Аталмыш сабақты Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Ғ.Төрешов пен апаттар медициналық орталығының маманы Г.Кенжебаева жүргізді.

Лекция соңында мамандар қойылған сұрақтарға жауап берді.