Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Қызылордада төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыста облыс көлеміндегі өрт қауіпсіздігі жағдайы, жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті сақтау, конго-қырым қанды безгегі мен құтыру дертінің алдын алу жайлары сөз болды. Бұл мәселелер бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет майоры Ғ.Төрешов, ТЖД Судан-құтқару қызметінің бастығы А.Алмашев, Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемилогиялық департаментінің  бастығы А.Бисенов хабарламалар жасады. Комиссия отырысына қалалық және аудандық әкімдердің орынбасарлары қатысып, аудандардағы төтенше жағдай жөніндегі комиссияның аталмыш бағыттағы жұмыстары жөнінде есеп берді.