Қызылордада төтенше жағдайлар жөніндегі ақпарат қызметінің жұмысын үйлестру мақсатында семинар-кеңес өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда облыстық әкімдігіндегі баспасөз орталығында облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ақпарат қызметінің жұмысын тиімді үйлестіру, қалалық және аудандық ақпараттар қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-кеңес өткізілді.
Семинарды жүргізген облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Айдын Қайруллаев өз сөзінде қатысушыларды төтенше жағдайлардың шығу тегі мен таралатын ауқымына байланысты алатын орны мен ерекшеліктері туралы айтып берді. Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару бөлімінің бастығы Шағдат Алмашев үстіміздегі жылғы тосын табиғат әсерінен келген зардаптар мен зияндарға талдау жасады. Жылдың осы кезеңіне де облыс аумағында 386 төтенше жағдай орын алып, оның салдарынан 58 адам зардап шеккен екен.Соның ішінде 45 адамның өмірі қиылған. Аталмыш оқиғалардан 152 млн. материалдық шығын келген.
Осы оқиғалардың бәрі алдағы уақытта әрбір азаматтан сақтықты талап етеді.