Қызылордада ҰБТ-ның бірінші күнінде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҰБТ-дің бірінші күні, яғни 2 маусымда Қызылорда қаласында 30 мектептің түлектері сынақ тапсырып, 35 түлек «Алтын белгіні» қорғап шықты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен.
None
None

Сондай-ақ, екі оқушы ең жоғары - 122 балл жинады. Олар - № 11, 136 орта мектептердің түлектері. 169 оқушы 100-ден жоғары баллдың иегері атанды.

Тестілеу қаладағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен «Болашақ» университетінің ғимараттарында өткізілді.

«Болашақ» университетінде тест тапсырған 471 оқушының орташа балы 82,2-ні құрады. Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сынаққа қатысқан 771 түлектің орташа балы - 73,1 балл.

Ертең 4 маусым күні 16 мектептің түлектері білім сынында бақ сынамақ.

Соңғы жаңалықтар