Қызылордада жаңа перзентхананың құрылысы басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылордада жаңа перзентхана үйінің құрылысы басталды. Ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰК АҚ-тың қаржылай қолдауы арқасында мүмкін болды.

Қызылордада жаңа перзентхананың құрылысы басталды

Бұл 150 орынға есептелген қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған перзентхана болады. Соңғы бес жылда Қызылорда облысында дүниеге келген сәбилер саны шамамен 24%-ға ұлғайды. Осы кезеңде ана өлімі 70%-ға, ал бала өлімі 23%-ға төмендеді. 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салына бастаған 200 орынға есептелген облыстық перинаталдық орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.