Қызылордада жас кәсіпкерлерге кеңес берілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқосуда жас кәсіпкерлер өз істерін одан әрі дамытуға консультациялық кеңестер алып, несиелендірудің мән-жайына қанықты. Жастардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген талпыныстары қуантады. Үстіміздегі жылы «Групп инвест» шағын несие мекемесі есепті жоба аясында 115 жасқа консультациялық қызмет көрсетті. Алайда, оның ішінде тек шағын және орта бизнесті дамытуға 2-3 жылға мүлік кепілдігімен жылдық өсімі 14,5 пайыз несиені 10 жас кәсіпкер ғана алды. Өкінішке орай, жастарымыздың көпшілігінің несие алу үшін қоятын кепілдіктері болмай отыр. Сол себепті де, істі бастау қиынға соғуда.
Жиын барысында түрлі сауалдарға жауап берілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері жас кәсіпкерлерге консультациялық кеңес беріп қана қоймай, оларға қай кезде де қолдау жасайтындықтарын жеткізді.