Қызылордада жастар саясатын қолдау мәселесі сараланды

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жастар саясатын қолдауға айтарлықтай назар аударылып келеді,
None
None

деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен жылы аймақта жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 19 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа ірі әлеуметтік маңызы бар бірнеше жоба өмірге енгізіліп, көптеген акциялар, семинарлар мен жас қызылордалықтар үшін пайдалы басқа да іс-шаралар өткізілді. Облыс әкімі, «Игілік» корпоративті қоры және «Қызылорда жастары» жастар қауымдастығы арасында жасалған үшжақты меморандумның шеңберінде бірнеше жоба жүзеге асырылды. Осылайша Көңілді тапқыштар клубының Қызылорда филиалы құрылды. Жаңақорған ауданында «Жалынды жастар» ұйымы жыл бойы мүгедектерге жәрдем берді. «Ұлағат ұландары» ұйымының белсенділері жазда қалалық және аудандық тынығу лагерьлерінде тәрбиеші болып жұмыс істеді. Қазақстан студенттері альянсының қалалық филиалы жас жігіттер мен қыздарды спортқа тартып, «қиын» жасөспірімдер арасында спорт турнирлерін ұйымдастырды. Бұдан басқа, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры жастар саясатына қатысты бірнеше бағытты жеңіп алды. Мәселен, аула клубтары мен еңбек биржаларына бақылау жасауға қол жеткізді. Орталықтың араласуымен аудандарда жеті аула клубы мен ресурс орталығы ашылды. 2008-2010 жылдар аралығында бұл орталық 12 бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Осында 400 жасты жұмысқа орналастырып, 300 адамға жаңа кәсіп алып берді. Тек  2011 жылы ғана қор 6 бос орындар жәрмеңкесін өткізіп, нәтижесінде 100-ден астам адамға жұмысқа орналасты. Қайта даярлау курстарында тағы 100  жас білім алды. Орталықтың жылдық жұмысы аяқталуына байланысты облыс жастарының үшінші форумы өткізілді. Желтоқсан айында Шиелі ауданында өткен бұл жиынға облыстың барлық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ал таяуда «Самұрық» орталығы жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдарды бейімдеу орталығы құрылды.

Осымен тағы бір жыл қорытындыланды. Ал алда жаңа істер мен жаңа жобалар тұр.

Соңғы жаңалықтар