Қызылордада жазушы Қази Данабаевты еске алуға арналған турнир өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразия спорт кешенінде ақын, жазушы, журналист Қази Данабаевты еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында шағын футболдан және журналистер арасында шахмат пен дойбыдан турнир болып өтті.
None
None

Дәстүрлі турнирге Қызылорда қаласынан 7 мектептің және жазушының туған жері Арал ауданы Қызылқұм ауылы мектебінің оқушылары қатысып бақтарын сынады.

«Мен болмасам болмайын, Сен аман бол, Жаһандағы жалғызым, Қазақстан!» деп жырлап өткен ақынның жырлары «Көктем тынысы», «Дария жыры» жинақтарына енсе, «Гүлдәурен», «Ақ кептер» прозалық кітаптары республикалық «Жалын» баспасының екі мәрте жүлдесін жеңіп алды.

Жарыс басталар тұста Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Мұстафа Матаев сөз алып, қаламгердің дара тұлғасын әңгіме етті. Сондай-ақ жазушының әріптестері естеліктер айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар