Қызылордада жеке серіктестіктер жұмысшыларының жалақысын көтерді
Аудан әкімдігі хабарлағандай, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы іс-шара жоспарларға сәйкес және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудандағы базар басшылары тарапынан соңғы үш жыл көлемінде сауда орнының жалақысын өсірмей, тұрақты сақтап отыр.
Биылғы жылы жаңадан пайдалануға берілген «Анель» сауда қатарының иесі тарапынан кәсіпкерлердің өтінішіне сәйкес бір орынның жер ақысын 10000 теңгеден 7000 теңгеге азайтып түсіністік танытқанына жеке кәсіпкерлер өз тарапынан ризалықтарын білдіруде.
Жеке кәсіпкерлер тарапынан бірінші тоқсанның өзінде 40-тан астам кәсіпкерлік нысанын ашу жөнінде өтініш түссе, Әйтеке би кентінен «Сауда логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы бойынша 5 кәсіпкерлік нысан құрылысын салуға кәсіпкерлерге жер учаскесі рәсімделіп берілді.