Қызылордада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкені аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Жалғасбай қысқаша сөз сөйлеп ашып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын және қажетті мамандықтарға оқу жөнінде жәрмеңкеге қатысушыларға түсіндірді. Сондай-ақ бос орындар жәрмеңкелері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында өтіп жатқанын айтты. Жәрмеңкеде Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры М.Бекмамбетов, Қазалы аудандық білім бөлімінің жетекші маманы М.Нағашыбаев, «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімінің басшысы О.Ахметов, «Рза» АҚ кадр жөніндегі маманы Ж.Саекешова, «Рза Транс» ЖШС кадр жөніндегі маманы Н.Мұсаева және «Асыл Ғани» кадр жөніндегі маманы Б.Жайлыбаева өз салалары бойынша жұмыссыздарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, түрлі жұмыстарға және мамандығы бойынша жоғары және арнаулы орта білімді жұмыссыздарды жұмысқа шақырды.
Жәрмеңке барысында оған қатысушыларға 17 мекеме мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 88 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Қорытындысында 3 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, 10 жұмыссыз адам тұрақты жұмысқа, оның ішінде 1 жұмыссыз ІІІ-топ мүгедегі аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарауылдық жұмысқа жіберілді. Жұмыс беруші өкілдері және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Қазалы аудандық жұмыспен қамту орталығының, «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.