«Қызылордагаз» арзан «көгілдір отын» тарату үшін құрылып отыр

Серіктестік иелігіндегі модульді типтегі газ жинақтаушы бекетте газ баллондарына сұйытылған газ құйылады. Ескере кетейік, Қызылорда қаласы тұрғындары үшін кіші сыйымдылықтағы газ баллон - 450 теңгеге, ал үлкен сыйымдылықтағы газ баллон 900 теңгеге босатылады.
Серіктестік басшылары алдағы уақытта өндіріс орындары мен жеке тұрғын үйлерді тапсырыс негізінде автономды түрде газдандыратынын айтты. Ол үшін нысандар жанына сұйытылған газды сақтайтын техникалық қондырғылар орнатылады. Ал аталмыш өнім автокөлікпен тасымалданатын болады.
Газ саласының мамандары журналистерге берген сұхбатында еліміз бойынша ең арзан газ Сыр өңірінде екенін атады. «Қызылордагаз» ЖШС-нің алдағы жұмыс жоспарында елді мекендерге арзан сұйытылған газды жеткізу міндеті тұр.