Қызылордалық 5 жасар вундеркинд күрделі есептерді шемішкеше шағады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 5 жасар қала тұрғыны Ерхан Исламбектің математикаға ынтасы зор. Есте сақтау қабілеті де таңғалдырады. Ол миллионға дейінгі есептерді ойша шешіп, шемішкедей шағады.
None
None

Ерхан үшін күнделікті миллионға дейінгі сандарды бір-біріне қосып, айыру қиын емес.

«Есеп күрделі болған сайын қызығушылығым да арта түседі», - дейді кішкентай математик. Ерханның мұндай қабілетіне жақындары алғашында мән бере қоймаған. Бала бүгінде өз бетінше көбейту, бөлу амалдарын меңгеруде.

"Бізде Ерхан Исламбек деген баламыз өте зерек. Тек қана біз 1 мен 10-ға дейін санды үйрететін болсақ, ол болса күрделі сандарды біледі. Оларды алып-қосып жоғары сандармен жұмыс жасай алады. Ұзақ әрі қиын өлеңдерді тез-ақ жаттайды.", - дейді балабақшадағы тәрбиешісі.

Ерхан биыл мектепке барады. Сондықтан әжесі немересінің оқуға дайындығын мықтап қолға алыпты. Мұғалім жалдауды да ойластырып отыр. Баланың бірінші емес, бірден екінші сыныпқа барғанын қалайды. «Себебі ертеңгі күні оқуға ынтасы жоғалып кете ме деп қорқамын», - дейді әжесі.

Бес жасар балғын қазір ойнауға емес, білім алып, мықты математик болу үшін тездетіп мектеп партасына отыруға асығып жүр.

Соңғы жаңалықтар