Қызылордалық 721 тұрғын «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында оқылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 қазан. ҚазАқпарат -Қызылорда облысының 721 тұрғыны «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында оқудан өтті.
None
None

Жоба түлектері кәсіпкерлік саласында білім алып қана қоймай, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл туралы «Даму» қорының облыстық филиалынан хабарлады. Нұртасбек Пармышев - екі күндік семинар-тренингті бітірген бастауыш кәсіпкерлердің бірі. Ол тренинг барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 3 000 000 теңгеге дейінгі берілетін грант жөнінде толық ақпарат алды. Ал жобаға қатысуы үшін кәсіпкерде міндетті түрде «Бизнес-кеңесші» жобасын тәмәмдағаны жөніндегі сертификаты және инновациалық жобаны жүзеге асыратын бизнес-жоспары болуы қажет. Жеке кәсіпкер Нұртасбек құрылысқа өте қажетті пенополиуретан өндірісін қолға алуды жөн көріпті. Қызылорда облысында бұл өнімді шығаратын өндіріс орындары әлі ашылмаған. Көрші елдерден әкелінетін құрылыс затын Нұртасбек өңірде алғаш рет қолға алып жатқандықтан мемлекеттен 3 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. «Мемлекет кәсіпкерлерге көптеген қолдаулар жасап жатыр. Мен алғашында тегін оқудан өттім, кәсіпкерлікті жүргізудің жолдары мен мемлекеттік қолдаулар туралы мағлұмат алдым. Ендігі міне, өз жобамды іске асыруға қайтарымсыз қаражат алдым. Мен өз жобамды дамытатыныма сенемін, өйткені кішігірім құрылыс жұмысына да қажетті болып табылатын пенополиуретанды өндіретін болдым» - дейді Нұртасбек. Айта кететін жайт, Н. Пармышев өз жобасын іске асыру барысында 10 азаматты тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар