Қызылордалық Анна Ли ғасырлық мерейтойын тойлады

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласының тұрғыны, корей ұлтының өкілі Анна Ивановна Лидің жасы 100-ге толды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғасыр жасаған қария 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қызылордаға көшіп келеді. Тіршіліктің талай қиындықтарын басынан өткеріп, 4 перзентін азамат қатарына қосты. Ұлы Клементий құрылыс институтын бітіріп, Қызылорда қаласында қызмет атқарғанында Шиелі ауданы Бәйгеқұм стансысында тұратын анасын өз қолына көшіріп алды.

Бүгінде үлкен қызы Пелагея 82 жасқа, екінші қызы Ольга мен үлкен ұлы Клементий - 75, кіші ұлы Анатолий 67 жасқа толып отыр. Өз қызындай болып кеткен келіндері - сан ұлттың өкілдері. Екі ғасырдың куәсі Анна әжей бүгінде 30-ға жуық немере, шөбере, шөпшек сүйіп, ұрпағының қызығына кенеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар