Қызылордалық Арман Кенжебек халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен «Shymkent Gold 14 & under» халықаралық турнирінде жерлесіміз Арман Кенжебек қола жүлдені иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Ал қыздар арасында Камилла Мағауия төртінші орынды еншіледі.
«Нұрсәт» теннис орталығында жаттығатын қос спортшының бапкері - Рүстем Әбдиев.