Қызылордалық Айбек Серікбаев «Еуразия Барысына» қатысады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында қазақ күресінен ел кубогы сарапқа салынды. Топ жарғандар ұлттық құрама сапына алынып, қараша айында Тараз қаласында өтетін «Еуразия Барысына» қатысады.
None
None

Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 236 спортшы қатысты. 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскендер қатарында қармақшылықтар Айбек Серікбаев +90 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынса, 90 келіде Мақсат Исақабылов қола жүлдені еншіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша Айбек қараша айында Тараз қаласында өтетін «Еуразия Барысына», ал Мақсат Орынбор қаласында болатын әлем чемпионатына қатысады. Мақсатпен бірге 70 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов та әлем біріншілігінде бағын сынайды.

Спортшылар Қармақшы ауданының спорт клубында жаттығады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Соңғы жаңалықтар