Қызылордалық Бағдәулет Төлегенов Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордалық палуан Бағдәулет Төлегенов жақында Үндістанның Пуне қаласында қазақ күресінен өткен XVII Азия чемпионатында қола жүлдегер атанып қайтты.
None
None

Құрлықтың 13 елінен қатысқан боз кілем шеберлері арасындағы белдесуде Сыр бойының оғланы 70 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға табан тіреді. Жалпы, палуандар дүбірлі додада бес салмақ санаты бойынша жүлделер иелерін анықтады. Командалық бас жүлде үшін талас Қазақстан, Қырғызстан, Иран және Моңғолия сайыпқырандары арасында өтті. Онда Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар