Қызылордалық дзюдошы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Жақсыбек Жеңісбек 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, айтулы жарысқа 33 елден 500-ден астам спортшы қатысты.
Қазіргі таңда Жақсыбек Австрияда оқу-жаттығу жиынында. Оның алдағы мақсаты - қыркүйек айында Дели қаласында (Үндістан) болатын Азия чемпионатында топ жару. Жақсыбектің жарысқа дайындаған бапкері - Арман Молдаханов.